Назад
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 73 «А», 3-қабат, 301-кеңсе мекенжайында орналасқан АҚ «Capital Bank Kazakhstan» Тарату комиссиясы бір мүлік бірлігі үшін бағалау құны 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен асатын жылжымайтын мүлікті сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізеді. 1. Сауда-саттық (аукцион) өткізілетін күні, орны және уақыты: 2026 жылғы 9 маусым, сағат 11:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша). Сауда-саттық (аукцион) өткізу және өтінімдерді қабылдау орны: 1) Банктің Тарату комиссиясының кеңсесі: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 73 «А», 3-қабат, 301-кеңсе (мүлік Талдықорған қаласы мен Ақмола облысында орналасқан). 2. Таратылып жатқан банктің атауы: АҚ «Capital Bank Kazakhstan» Тарату комиссиясы. Саудаға шығарылатын лоттардың сипаттамасы: 3. Сауда-саттық (аукцион) өткізу әдісі: ағылшын аукционы. Аукцион қадамы: 5%. 4. Лоттардың бастапқы бағасы: 100 АЕК-тен асатын мүлік тізбесіне сәйкес. 100 АЕК-тен асатын мүлік тізбесі 5. Кепілдік жарнаның мөлшері, төлеу мерзімі мен тәртібі, Сатушының деректемелері: * кепілдік жарна мөлшері – бастапқы бағаның 5%-ы; * аукционға тіркелу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталып, сауда-саттық (аукцион) басталғанға дейін 1 сағат бұрын аяқталады; * кепілдік жарнаны төлеу мерзімі – 2026 жылғы 9 маусым сағат 10:00-ге дейін; * АҚ «Capital Bank Kazakhstan» Тарату комиссиясының деректемелері: Бенефициар: АҚ «Capital Bank Kazakhstan» БСК: NBRKKZKX БСН: 920140000143 ЖСК: KZ31125KZT7002300314 ҚРҰБ РММ-де КБе: 14 Төлем мақсаты (міндетті түрде көрсету қажет): № _ лот бойынша кепілдік жарна. 6. Өтінімдерді қабылдау уақыты мен мерзімі, сауда-саттық (аукцион) өткізу қағидаларымен танысуға және өзге де ақпарат алуға болатын телефондар мен мекенжайлар, сондай-ақ сатылатын объектімен танысу күнін, уақытын және орнын келісу тәртібі: Жұмыс режимі: күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. 7. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 29 мамырдан бастап 2026 жылғы 9 маусым сағат 10:00-ге дейін. 8. Аукционға кіру билетін төлеген барлық тұлғалар қатыса алады. Кіру билетінің құны – 3 000 (үш мың) теңге. 9. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аукцион қатысушылары, уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің өкілдері кіру билетін төлеуден босатылады. 10. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 64-бабына және Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 12-1-бабына сәйкес бір-біріне қатысты аффилиирленген сатып алушылар аукционға қатысуға жіберілмейді. 11. Сатып алынған мүлік бойынша төлем шарттары: 11.1. Сатып алушы Сатушы мен Сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап бес банктік күннен кешіктірмей шартта көрсетілген соманы Сатушының ағымдағы шотына аударады және төлем құжатының көшірмесін ұсынады. Егер Сатып алушы белгіленген мерзімде аукционда сатып алынған мүлік үшін төлем жасамаса, сатып алу-сату шарты Сатушы тарапынан біржақты тәртіппен бұзылады. Бұл шарт талаптарында көзделеді. Бұл жағдайда енгізілген кепілдік жарна қайтарылмайды және аталған мүлік қайтадан сауда-саттыққа шығарылады. Сатып алушының сату объектісі үшін төлем жасамауына байланысты жауапкершілігі Сатып алушы мен Сатушы арасында жасалған сатып алу-сату шартында көзделеді. 12. Сауда-саттық (аукцион) өткізу қағидаларымен танысуға және өзге де ақпарат алуға болатын телефондар мен мекенжайлар: 12.1. Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 73 «А», 3-қабат, 301-кеңсе. Тел.: +7 (701) 218-08-21 Байланыс тұлғасы: Мусина Ботагоз. Жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін хабарласуға болады. Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін. 13. Жария сауда-саттыққа (аукционға) қатысуға арналған өтінім нысаны: Аукционға қатысуға өтінім 14. Сауда-саттық (аукцион) өткізу жөніндегі жадынама: Сауда-саттық (аукцион) өткізу жөніндегі жадынама 15. Аукционға арналған ақпараттық парақ: Ақпараттық парақ 16. Мүлікті сатып алу-сату шарты: Мүлікті сатып алу-сату шарты